Бас прокуратура Жоғары аудиторлық палата (ЖАП) анықтаған деректер бойынша "СҚ-Фармация" ЖШС мен фармацевтикалық сала субъектілеріндегі ұрлық деректері бойынша қылмыстық тергеп-тексеруді бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек әлеуметтік желіде хабарлады.
Депутаттың айтуынша, ЖАП тексеруі барысында келесі деректер анықталған:
"Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы" АҚ:
"СК-Фармация" ЖШС (Бірыңғай дистрибьютор):
"КазМедПром" ЖШС:
"Бірыңғай дистрибьютордың дәрі-дәрмек сатып алуы барысында 35,8 миллиард теңге залал келтіруі, сондай-ақ "КазМедПром" ЖШС-нің қолғаптарды қымбат бағамен сатуы деректері Бас прокуратураның ақпаратты есепке алу кітабына (АЕК) тіркеліп, Қаржылық мониторинг агенттігіне процестік шешім қабылдау үшін жолданды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, жалған клиникалық зерттеулер өткізу және алынбаған жабдық үшін қаражатты негізсіз игеру бойынша (жалпы сомасы 200 миллион теңгеден аса) Қоғамның қызметіне тексеру тағайындау туралы тапсырма Алматы прокуратурасына жолданды.
Бұдан бөлек, Бас прокуратура "СК-Фармация" ЖШС мен Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының қызметін тексеру бастамасын көтерді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз