- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "35 миллиард теңге"....
"35 миллиард теңге". Тимур Құлыбаев өзіне дивиденд төлеу туралы шешім қабылдады
"Каспий нефть" АҚ-ның акционері Тимур Құлыбаев өзіне 35,6 миллиард теңге көлемінде дивиденд төлеу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазақстан қор биржасы" АҚ "Каспий мұнай" АҚ мынаны хабарлайды:
Қоғамның Жалғыз акционерінің 2022 жылғы 21 қарашадағы шешіміне сәйкес,
Қоғамның Жалғыз акционеріне жай акциялар бойынша 35 600 000 000 теңге сомасында дивидендтер төленді:дивидендтер төленетін кезең: 2022 жылғы 3 тоқсан.
қоғамның 1 (бір) жай акциясына есептелген дивиденд мөлшері: 356 000 теңге.
дивидендтерді төлеу күні: 2022 жылғы 24 қараша.
қоғамның бағалы қағаз иелерінің тізімін тіркеу күні мен уақыты: 23 тамыз", - делінген құжатта.
Kase сайтының мәліметінше, Joint Resources АҚ "Каспий Мұнайдың" тікелей 100 пайыз акционері, ал Құлыбаев - осы компанияның тізбек бойынша акционері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек