35 жастағы шенеунік Жан Құраметов Есік қаласының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2 маусымда Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы әкімінің сайлауы өтті.
Сайлау қорытындысы бойынша Есік қаласының әкімі болып Жан Құраметов сайланды.
1989 жылы туған, "Алматы облысының индустриялық аймақтарын басқару компаниясы" ЖШС директорының орынбасары болып қызмет атқарды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз