35 градусқа дейін аяз: демалыс күндері ауа райы қандай болады?

35 градусқа дейін аяз: демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото: depositphotos.com

Қазгидромет 24, 25, 26 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жел, боран

Алдағы күндері ауа райына Атлантика аймағынан жылжып келе жатқан циклон әсер етеді. Сондықтан қар жауады, оңтүстік өңірлерде де жаңбыр мен қар болжанып отыр. Боран соғып, жел күшейеді.

Ауа температурасы

  • Циклон ел аумағы арқылы ілгерілеген сайын ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды: түнде орталық және шығыс өңірлерде -5…-18°С-қа дейін, оңтүстік-шығыста -2…-7°С-қа дейін, таулы аудандарда -7…-15°С-қа дейін көтеріледі.
  • Солтүстік облыстарда ауа температурасы түнде -20…-35°С шамасында болып, аяз сақталады.
  • Батыста түнде ауа температурасы -15…-30°С-қа дейін, солтүстік-батыста -20…-35°С-қа дейін төмендейді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget