- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 35 градус аяз....
35 градус аяз. Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 22-24 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.
Жылу мен ылғал бар Атлантикалық циклонымен қар, бұрқасын, желдің күшеюі 15-20, екпіні секундына 23-28 метр болады. Еліміздің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ болады. Атмосфералық жоғары қысым алқабымен тек еліміздің батысы мен оңтүстігінде негізінен жауын-шашын болмайды.
Синоптикалық процестердің тез ауысуынан температура күрт өзгеруі мүмкін, атап айтқанда еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасыны 23 желтоқсанда түнде 20-35 градусқа дейін төмендейді, ал 24 желтоқсанда түнде 5-20 аязға дейін жоғарылайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек