"3,5-4 миллион теңге". Қыран Талапбектің әйелі күйеуінің ең қымбат сыйлығын көрсетті

"3,5-4 миллион теңге". Қыран Талапбектің әйелі күйеуінің ең қымбат сыйлығын көрсетті
Фото: instagram.com/gulzada_tl

Блогер, мобилограф Қыран Талапбектің әйелі киім-кешегі тұратын бөлмені көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Бекбота есімді блогер өзінің TikTok парақшасына жариялады. Гүлзада Тұрлаштың гардеробын көрген ол сөйлей алмағанын жеткізді. 

"Мә, не деген гардероб мынау. Тіпті сөйлей алмай қалдым", - деді ол.

Бекботаның айтуынша, оның әйеліне сыйлаған сыйлығы 800 мыңға дейін екен. Ал Қыран Талапбек сыйлықтарының құны 800 мыңнан басталатынын айтты. 

"Бізде сыйлықтар 800 мыңнан басталады. Ең қымбат сыйлық ол осы кішкентай ғана сөмке. Бағасы шамамен 3,5 - 4 миллион тұрады. Ал қалғандарының бағасы есімде жоқ", - дейді Гүлзада Тұрлаш.

@bekbota_et

♬ оригинальный звук - Bekbota_et

Айта кетейік, бұған дейін Гүлзада Тұрлаш ер-азаматпен қалай дұрыс қарым-қатынас құру керектігін үйрету туралы курс ашып сынға қалған еді. Артынша, Қыран Талапбектің әйелі ол іс-әрекетіне пікір білдірді. Бұл туралы сілтемеге өтіп оқи аласыз. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Е. Ерболұлы