336 мың қорап темекі шекарадан заңсыз өткізілмек болған

336 мың қорап темекі шекарадан заңсыз өткізілмек болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік қызметіне сілтеме жасап. 

Биыл 17 қазанда "Шаған" автокөлік өткізу пунктінде Ұлттық қауіпсіздік қызметінің шекара қызметінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті темекінің ірі партиясын әкетудің жолын кесті.

336 мың қорап темекі өнімдерін ілеспе құжаттарсыз, құрылыс материалдары түрінде Мемлекеттік шекарадан өткізбек болған. 

Алдын ала бағалау бойынша тәркіленген тауардың құны 200 миллион теңгеден асады.

Ұсталған жүк әрі қарай қаралуы үшін өңірдегі Мемлекеттік кірістер департаментіне берілді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз