Танымал әнші Мақпал Жүнісова күйеуі Заманбек Нұрқаділов сыйлаған 33 мың доллар тұратын бас киімін көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Өзі сондай ерекше, 33 мың долларға жасатқан. Күйеуімнің маған берген сыйлығы, мәңгілік бағалы сыйлық болып қалады", - деді Мақпал Жүнісова видеода бас киімін көрсетіп жатып.
Әнші бұл бас киімін тек Алматыда киеді екен. Салмағы ауыр болғандықтан басқа қалаға тасып жүру қиындық туғызады. Мақпал Жүнісова тіпті бұл бас киімі "қолды болып кете ме, біреу ұрлап кете ме" деп уайымдайтынын да жасырмады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!