Айнұр Шаймерденова Петропавл әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Айнұр Қайратқызы Шаймерденова қала әкімінің әлеуметтік сала жөніндегі орынбасары болып тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Айнұр Қайратқызы 1992 жылы 25 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2014 жылы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша, 2021 жылы Ресей Федерациясы президенті жанындағы Ресей Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын "Мемлекеттік және муниципалдық басқару" мамандығы бойынша тәмамдаған. Ол - Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өңірлік кадр резервінің резервисі.
Еңбек жолын 2008 жылы бастаған. Мемлекеттік органдарда, соның ішінде мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, корпоративтік басқару саласында жұмыс істеген.
Ол бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КЕАҚ корпоративтік хатшысы қызметін атқарды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова