Балалардағы белгісіз гепатит жағдайларының саны 920-ға дейін өсті. Бұл туралы 24 маусымда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді, - деп хабарлайды EADaily.
"22 маусымдағы жағдай бойынша ДДCҰ-ның бес аймағындағы 33 ел балалардағы этиологиясы белгісіз ауыр жедел гепатиттің 920 жағдайы туралы хабарлады", - делінген ДДCҰ хабарламасында.
ДДСҰ мәліметінше, 18 науқас бала қайтыс болды, 45 жағдайда дене мүшесін трансплантациялау қажет. Белгісіз шыққан гепатит жағдайларының жартысы Еуропа елдерінде анықталды.
Ұйым жаһандық деңгейде қауіп-қатерге "қалыпты" деген баға берді.
Еске салайық, маусымның басында ДДСҰ әлемде белгісіз гепатиттің 700 жағдайы анықталғанын мәлімдеді.