Жұмабек Тұрсын (22-10) Алматыда өткен MMA OCTAGON 38 турнирінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Жұмабектің қарсыласы осыған дейін бір ғана рет жеңілген ирандық Ясер Ашаури (4-2) болды.
Жекпе-жек бірінші раундтың 32-секундында аяқталды, қазақ файтер қарсыласын ауыр нокаутқа түсірді.
Айта кетейік, Жұмабек Тұрсын Қытай азаматы болып тұрғанында UFC-де өнер көрсеткен. Ол осы бір әлемдік промоушендегі бірінші қазақ болып есептеледі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!