Қазақстандағы ең қымбат қонақ үйдің бір күндік бағасы - 3 251 000 теңге. Massaget.kz тілшісі booking.com сайты бойынша еліміздегі қонақ үйлердің бағасына шолу жасады.
Rixos President Astana
Еліміздегі қонақ үйлердің ішіндегі ең қымбат баға - 3 251 000 теңге. Бұл қонақүй бағасы жағынан ТОП-5 ішіне кіреді. Бір түнге осылай бағаланған қонақ үйдің іші демалыс үшін барлығын орналастырған. Тамақтанудан бөлек спорт түрлерінің барлығымен де шұғылдануға болады. Бөлме іші суға шомылып, теледидар қарап, терезедегі көрініске тамсанып, бір күнді керемет өткізуге арналған.
Келген қонақтар да оң бағасын беріп, жақсы лебіз қалдырған.
The St. Regis Astana
Астана қаласында орналасқан қонақ үйдің терез көрінісінен Бәйтерек монументі көрініп тұрады. Іші классикалық стилде безендірілген бөлменің барлық жабдығы италияндық ағаштан жасалған. Құны - 1 030 000 теңгені құрайтын қонақ үй бағасы жағынан екінші орында тұр. Жанға жайлы демалыс үшін таптырмас орын деуге болады.
The Ritz-Carlton
Алматыдағы бұл қонақ үйдің бағасы бір күнге - 1 009 120 теңге. Мұның ішіне әдеттегідей таңғы ас пен кешкі ас кіреді. Сондай-ақ, мейман үшін барлық жағдайы жасалған. Терезеден тау көрінеді. Бассейн, ванна, массаж т.б. сауықтыру кешенінің барлығы бар.
InterContinental Almaty
Бұл қонақ үйдің бағасы - 907 000 теңге.
Rixos Almaty Отель
Бұл қонақ үйдің Астанадағы бағасы алдыңғы орынды алса, Алматыдағы бағасы үздік бестікті аяқтайды. Бағасы 800 000 теңге болатын қонақ үйде жоғарыдағы қызмет түрлерінің барлығы бар. Әйтсе де, келушілердің бағалауы жағынан басқаларынан төмендеу. Фитнес-центрде жаттығып, бөлмеде гидромассаж қабылдауға арналған бұл қонақ үйдің бағасына да кез келгеннің шамасы келе бермесі анық.
Еске салайық, бұған дейін Тоқаев маңызды ескерту жасағаны жарияланған болатын.
Тағы да оқи отырайық: Әлемдегі ең бай адам кім?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!