3,2 миллион қазақстандықтың WhatsApp-нөмірі тарап кеткен - БАҚ
Фото:
Ашық дереккөз
Танымал хакерлер форумында WhastApp мессенджерін қолданушылардың 500 миллионға жуық телефон нөмірі бар мәлімет базасы сатылып жатыр, - деп хабарлайды Cybernews.
Басылым мәліметінше, 84 ел тұрғындарының жеке деректері тарап кеткен. Олардың 3,2 миллионы - қазақстандық қолданушылар.
Cybernews басылымының сұранысы бойынша сатушы Ұлыбританиядан 1097 және АҚШ-тан 817 қолданушы нөмірін ұсынған. Нөмірдің барлығы шынымен, WhastApp-та тіркелген.
Сонымен қатар, сатушы дерекқордың нақты қалай жиналғанын айтпай, тек хакерлер деректерді белгілі бір "стратегиясы" арқылы жинайтынын айтқан. WhatsApp өкілдері бұл туралы ешқандай пікір білдірген жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек