13-14 ақпанда фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Республиканың басым бөлігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады, солтүстік облыстарда қалың қар жауады, бұрқасын, көктайғақ. Еліміздің батысында, солтүстік, орталық және шығыс облыстарында 5 градус аяздан, 2 градус аязға дейін жылынады деген болжам бар.
Ал 15 ақпанға қарай республиканың батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде ауа температурасы түнде 22-32, күндіз 15-27 градусқа дейін төмендейді.
"Құрметті жүргізушілер! Қауіпсіздік мақсатында жол жүру ережелерін қатаң сақтап, төтенше жағдай кезінде ауа райының қолайсыздығын ескеріп, ұзақ жолға шықпауларыңызды сұраймыз. Барлық шұғыл ақпарат Сапар мобильді қосымшасында орналастырылып жатыр, сондай-ақ 1403 қысқа номері бойынша тәулік бойы call-орталық жұмыс істейді", - делінген хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!