+32 градусқа дейін көтеріледі: алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 22, 23, 24 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жаңбыр жауады

Жаңа аптаның басында Қазақстан аумағында атмосфералық фронттар өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Ал ауа температурасы жайлы болады.

Республика бойынша жел күшейеді. Түнгі, таңғы уақытта кейбір жерлерде тұман түседі.

Ауа температурасы

Күндіз еліміздің батысында ауа температурасы +25…+32 градус, солтүстік-батыста +20…+31 градус, солтүстік пен орталық өңірлерде +18…+27 градус, шығыста +13…+23 градус болады, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ауа температурасы +25…+32 градусқа дейін көтеріледі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз