+32 градус. Бүгін ауа райы қандай болады?

+32 градус. Бүгін ауа райы қандай болады?
Фото: depositphotos.com

Қазгидромет синоптиктері 25 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана қаласында күн құбылмалы, бұлтты болады, жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +9…+11 градус, күндіз +24…+26 градус болады.

Алматы қаласында күн құбылмалы, бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3–8 м/с. Түнде +9…+11 градус, күндіз +22…+24 градус.

Шымкент қаласында жауын-шашын болмайды, жел 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с. Температура түнде +11…+13 градус, күндіз +27…+29 градус.

Ақтау қаласында күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде +8…+10 градус, күндіз +13…+15 градус.

Ақтөбе қаласында күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 7–12 м/с, екпіні 15 м/с-қа дейін. Температура түнде +2…+4 градус, күндіз +12…+14 градус.

Атырау қаласында жаңбыр жауады, жел 9–14 м/с. Температура түнде +7…+9 градус, күндіз +14…+16 градус.

Жезқазған қаласында күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Жел 7–12 м/с, екпіні 15–20 м/с. Температура түнде +11…+13 градус, күндіз +25…+27 градус.

Қарағанды қаласында жауын-шашынсыз, жел 9–14 м/с. Температура түнде +5…+7 градус, күндіз +23…+25 градус.

Көкшетау қаласында жаңбыр жауады, жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Температура түнде +10…+12 градус, күндіз +22…+24 градус.

Қонаев қаласында жауын-шашынсыз, жел 9–14 м/с. Температура түнде +9…+11 градус, күндіз +23…+25 градус.

Қостанай қаласында жаңбыр және найзағай күтіледі. Жел 9–14 м/с. Температура түнде +4…+6 градус, күндіз +14…+16 градус.

Қызылорда қаласында жауын-шашынсыз, жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Температура түнде +13…+15 градус, күндіз +30…+32 градус.

Павлодар қаласында жауын-шашынсыз, жел 9–14 м/с. Температура түнде +8…+10 градус, күндіз +26…+28 градус.

Петропавл қаласында жаңбыр, найзағай, жел 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с-қа дейін. Температура түнде +8…+10 градус, күндіз +18…+20 градус.

Семей қаласында күн ашық, жауын-шашынсыз. Жел 3–8 м/с. Температура түнде +5…+7 градус, күндіз +21…+23 градус.

Талдықорған қаласында жауын-шашынсыз, жел 5–10 м/с. Температура түнде +6…+8 градус, күндіз +24…+26 градус.

Тараз қаласында жауын-шашынсыз, жел 9–14 м/с. Температура түнде +10…+12 градус, күндіз +27…+29 градус.

Түркістан қаласында жауын-шашынсыз, жел 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с. Температура түнде +12…+14 градус, күндіз +30…+32 градус.

Орал қаласында жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Температура түнде +3…+5 градус, күндіз +9…+11 градус.

Өскемен қаласында жауын-шашынсыз, жел 2–7 м/с. Температура түнде +4…+6 градус, күндіз +20…+22 градус.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget