31 тамызда карантин режимі жеңілдетіледі

31 тамызда карантин режимі жеңілдетіледі
Фото: Coronavirus-control.ru

31 тамыздан бастап бірқатар нысандар жұмысы жанданып, карантин жеңілдетіледі. Бұл шешім Премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында қабылданды.

31 тамыздан бастап мына нысандардың қызметі қайта басталады:

• діни объектілер (жеке, ұжымдық іс-шаралар өткізілмейді);
• бассейндер (жеке форматта, 1 келушіге 5 ш. м. су беті есебінен, алдын ала жазылу арқылы);
• жаттығу залдары (1 келушіге 5 ш. м. дейін, алдын ала жазылу арқылы);
• спорт кешендері (1 келушіге 5 ш. м. дейін жеке және топтық жаттығулар үшін);
• мәдениет нысандары (1 келушіге 5 шаршы метрге дейін, толымдылығы 50%-дан аспайды, оның ішінде кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 30 адамға дейін ұжымдық дайындықтар, үзілістерде бөлмелерді желдету, бетперде тағу);
• ерекше қорғалатын табиғи аумақтар: мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, қорықтар, резерваттар және т. б. (жеке және • ұйымдасқан топтар үшін 15 адамнан аспайтын, әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, кемінде 2 метр, бетперде тағу);
• қала маңындағы жолаушылар пойыздарының/электр пойыздарының, қалааралық, облысішілік автобустардың/шағын автобустардың қозғалысына рұқсат беріледі.

Денсаулық сақтау министрлігі бұған дейінгі шектеу шаралары ел бойынша COVID-19 инфекциясын 10 есе, жедел жәрдемді шақыру санын 4,2 есе, ауруханада жатқандардың санын 80%-ға төмендетуге мүмкіндік бергенін, ал мобильді бригадалар саны 7,6 есе артқанын хабарлады.

Massaget