Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді, жел тұрады, кейбір өңірлерде бұршақ түсуі ықтимал. Кей жерлерде тұман күтілуде.
- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 31 шілдеде күн...
31 шілдеде күн жаңбырлы болады
Фото:
wallpaperscraft.com
Қазгидрометтің хабарлауынша, Ақмола облысында күндіз кей жерлерде күн күркіреп, найзағай жарқылдайды, бұршақ жаууы да ықтимал, түнде және таңертең тұман түседі.
Қостанай, Павлодар, Қарағанды, түнде Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде күн күркіреп, найзағай жарқылдайды, жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді, тұман, Қарағанды облысында бұршақ түсуі мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз желдің күшеюі күтілуде -15-20 м/с, күн күркіреп,найзағай жарқылдайды.
Алматы облысында кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күн күркірейді, найзағай, бұршақ түсуі де ықтимал.
Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде найзағай күтілуде.
Атырау, Батыс Қазақстан, сондай-ақ Ақтөбе мен Маңғыстау облысының кей жерлерінде аптап ыстық болады.
Қызылдорда облысының басым бөлігінде, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өрт шығу қаупі аса жоғары.
Дереккөз: baq.kz
Е. Жұмабайұлы