Күн күрт бұзылуына байланысты "ҚазАвтоЖол" жүргізушілерге үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
31 желтоқсанда Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Ұлытау, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Алматы, Жетісу, Жамбыл, Атырау, Қостанай, Абай және Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр, қар жауады.
"Жүргізушілерден жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райын ескеруді сұраймыз. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады", - деді "ҚазАвтоЖол" өкілдері.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!