ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин "Қазақстан" арнасына берген сұхбатында саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтауға қатысты жұмыс қалай жүріп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"3 жылда ауқымды жұмыс жүргізілді. Комиссия құрамында 400-ге жуық ғалым жұмыс істеді. 2 миллионнан аса құжат құпиясыздандырылды. Оның өз тәртібі бар. Құпия деген сөзді алып тастау емес. 600 мыңға жуық іс Президент архивіне жіберілді. 600 мың парақ емес, әр істе 10-20 том. Президент архивінде жалпы ел тарихына қатысты 1918-2018 жыл аралығында 700 мың іс бар, біз тағы 600 мың іс жібердік. Осы материал нәтижесінде 300 мыңға жуық адам ақталды. Әлихан Бөкейханов хаты мен Жүсіпбек Аймауытовтың поэмасы табылды", - деді ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз