- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 300 мың жыл....
300 мың жыл. Германиядан ең көне адам іздері табылды
Ғалымдар адамның ең алғашқы ізі Германияда табылған деп есептейді. Төменгі Саксониядағы Шенинген палеолиттік орнында табылған шамамен 300 000 жыл бұрынғы іздер ғалымдарға әлем экожүйесінің тарихы туралы көбірек білуге көмектеседі.
Смитсон институтының мәліметінше, бұл іздердің суық ауа-райында өмір сүрген және ағаш пен тастан қарапайым тұрғын үйлер тұрғызып, баспаналар салған алғашқы адам түрі болған Homo heidelbergensis-тің ізі болуы мүмкін.
© Flavio Altamura et al. / Quaternary Science Reviews, 2023
Зерттеушілердің пікірінше, кейінірек төменгі Саксонияға айналатын жерде «гейдельбергтіктердің» шағын әулеті өмір сүрген. Бұл топ пілдер, мүйізтұмсықтар және бүгінгі таңда аймақпен байланысты емес басқа жабайы жануарлар арасында өмір сүрген.
Ғалымдар бұл іздер сол кездегі аймақтың экологиялық құрамын бейнелеуге көмектеседі деп есептейді.
Табылған іздер арасында жануарлар іздері де бар. Қазбаға қатысқан археологтардың айтуынша, адам іздері табылған жерде пілдің ежелгі туысы Palaeoloxodon antiquus, сонымен қатар бір мүйізтұмсық ізі бар.
Т. Раушанұлы