- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "300 млрд теңге"....
"300 млрд теңге". Диқандар үшін арнайы жаңа бағдарлама іске қосылады
Биыл "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі су тасқынынан зардап шеккен диқандарды қолдау үшін жаңа бағдарламаны іске қосады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі холдингтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Бәйтерек" көктемгі егіс және егін жинау науқанын қаржыландыруды 300 млрд теңгеге арттырады. Қомақты қаржы агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдауға бөлінеді. Нәтижесінде холдинг диқандарды жеңілдікпен қаржыландырудың жаңа бағдарламасын іске қосады.
Алғаш рет "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ аталған бағдарлама шеңберінде кепілмен қамтамасыз ету бойынша шектеулерге тап болған фермерлерне несиенің 85 пайызына кепілдік береді. Бұл азық-түлік қауіпсіздігін едәуір нығайтады және ішкі нарықтағы баға тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Осылайша, биыл "Бәйтерек" холдингі көктемгі егіс және егін жинау науқанын қаржыландыруды 440 млрд теңгеге жеткізеді.
Холдинг агроөнеркәсіптік кешенді қолдау үшін нарықтық ресурстарды барынша пайдаланып, нарық пен банктердің қаражатын айналымға белсенді түрде тартады.
"Бағдарлама "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ арқылы көктемгі егіс және егін жинау науқанын 1 жылға дейін соңғы қарыз алушы үшін жылдық 5 пайыз шартымен қаржыландыруды көздейді. Бұл биыл су тасқыны мен былтырғы құрғақшылық салдарынан қаржылық қиындықтарға тап болған фермерлерді қолдауға бағытталған", - деп жазылған хабарламада.
Жаңа бағдарлама биыл 29 сәуірден бастап іске қосылады. Ол холдингтің еншілес құрылымдары арқылы жүргізіледі.
Диқандар "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-ның өңірдегі филиалдарына бара алады немесе төмендегі телефондарға хабарласуға болады:
8 701 006 18 18;
5353 – call center:
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Есен