- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 300 миллион теңгеге...
300 миллион теңгеге үй сатып алған танымал блогер баласына 20 мың теңге алимент төлеп келген
Қазақстандық танымал блогер Дархан Жолшыбек сот арқылы алимент төлеуге мәжбүр болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Алматы соты хабарлады.
С., Алматының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына баланың әкесі Ж.-ның (Дархан Жолшыбеков - ред.) танымал блогер бола тұра, басқа да табыстары болса да, 20 000 теңге алимент төлейтіні туралы арызданған.
Сот анықтағандай, бұрын сот шешімімен Ж.-ның кәмелетке толмаған баласы А-ға қатысты әке болуы белгіленіп, оның тапқан табысының және (өзге) табысының ¼ бөлігі мөлшерінде алимент өндірілген.
Істі қарау барысында баланың әкесі Ж., жалақысы 70 000 теңге болатыны туралы анықтама ұсынған.
"Осы орайда, банк анықтамаларынан Ж.-ның есепшотында қомақты ақша қаражаттары бар екені, қымбат сатып алулар жасайтыны, туризм және демалыс мақсатында республикадан тыс жерлерге жиі шығатыны анықталды. Сот іс бойынша анықталған мән-жайларды, оның ішінде жауапкердің басқа да кірістерін ескере отырып, баланың мүддесін ескере отырып, сотталушы Ж.-ның пайдасына 30 АЕК тұрақты сомада алимент өндіру туралы шешім қабылдады", - деп хабарлады сот.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан