Алматыда Бәйтереков көшесіндегі пәтерде жүргізілген жедел іс-шаралар барысында Ресей Федерациясының 18 жастағы азаматы ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Одан Sim-Box, қазақстандық ұялы байланыс операторларының 300-ден аса сим-картасы және басқа да жабдықтар тәркіленген.
"Sim-Box жабдығы қылмыстық мақсатта телефон қоңырауларын шалу, абоненттік нөмірлерді ауыстыру үшін кеңінен қолданылады. Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталды", - деп жазылған хабарламада.
Биыл осыған ұқсас 7 іс сотқа жолданып, оның төртеуі бойынша үкім шығарылған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова