Астанада тұрғындарды сан соқтырған құрылыс компаниясына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Asyl-NurQurylys ЖШС құрылыс компаниясының басшыларына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Күдіктілер 300-ден аса азаматты алдады деген болжам бар.
"ЖШС өкілдері 2024 жылы наурыздан бастап рұқсат құжаттары болмағанына қарамастан, интернет-платформаларда жарнама беріп, құрылысы жүріп жатқан үйден пәтер брондау туралы келісімшарттар жасаған. Уәкілетті тұлғалар үлескерлердің шамамен 4 миллиард теңгесін иемденген", - деп жазылған хабарламада.
Астана қаласы әкімдігі сот шешімімен алданған тұрғындардың мүддесін қорғау үшін нысанды сүріп тастаған.
Соталды тергеу барысында ЖШС басшыларының біріне қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған, ал екіншісі іздеуде жүр.
"Қазір тергеу жүргізіліп жатыр, қосымша сот сараптамалары тағайындалды", - деді полиция.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!