Ұлттық Банктің 2024 жылы 5 шілдеде қабылданған қаулысына сәйкес, ҚР Ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемақысын айқындау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қаулы 2024 жылғы 30 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қағидалар банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, буып-түю, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асырған Ұлттық банк филиалдарының, екінші деңгейдегі банктердің, ҚР резидент емес банктердің филиалдарының, Ұлттық почта операторының және банкноттарды, монеталарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың түпнұсқалығы мен төлемақысын айқындағаннан кейін бағалы металдардан жасалған монеталардан басқа республиканың ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемақысын айқындау жөніндегі операцияларды жасау тәртібін белгілейді.
Жаңа түзетулерге сәйкес тозығы жеткен банкноттар қатарына жатады:
жыртылған, желімденген немесе желімденбеген бөліктері сөзсіз бір банкноттікі және бірге Ұлттық Банк белгілеген банкнот өлшемінің кемінде 70 пайызына тең;
бұрышынан немесе шетінен өлшемінің 1 пайызынан астамын жоғалтқан, бірақ Ұлттық Банк белгілеген банкнот өлшемінің кемінде 70 пайызын сақтап қалған;
түссіз жабысқақ лентамен желімденген жыртығы бар;
банкноттағы тесіктердің болуы оны айналыстан шығару үшін тесілгенін білдіретін жағдайларды қоспағанда, диаметрі 3 және одан астам миллиметр болатын ойықтары, тесіктері және жыртықтары бар;
банкнот бейнесі жойылуына әкеп соқтырған сырылу белгілері бар;
от шалған және күйген, бірақ Ұлттық Банк белгілеген банкнот өлшемінің кемінде 70%-ын сақтап қалған;
банкнот бейнесі мен ашықтығы төмендеуіне әкеп соқтырған, бет және сырт жақтары кірлеген банкноттар тозған банкноттар болып табылады. Кірлеу дегеніміз шаңның, кірдің, майдың және басқа да ластағыш заттардың болуы салдарынан беті қарайған банкноттардың жай-күйі;
үлбіреген және қағаздың қаттылығы жойылған;
банкноттарды сақтау және қауіпсіз тасымалдауға арналған құрылғыларда пайдаланылатын арнайы бояумен боялған.
Ұлттық Банк белгілеген мөлшерден 50 пайыз және одан да көп пайызын жоғалтқан банкноттар, "үлесі", "үлгісі", "SPECIMEN", "МУЛЯЖ" деген жазуы бар банкноттар, сондай-ақ түпнұсқа банкноттардың фрагменттері мен тілімдері бар банкноттар төлемге жатпайды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!