- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 30 мыңнан астам...
30 мыңнан астам қазақстандық самокат жүргізу ережесін бұзғаны үшін жазаланды
Ішкі істер министрлігі электр самокат айдау кезінде жүргізу ережесінің бұзылуына қатысты статистиканы жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Биыл 8 ай ішінде электр самокаттарын жүргізу барысында түрлі заңбұзушылықтар үшін 33 мың адам жауапкершілікке тартылған.
"Аумақтық полиция департаменті биыл жаздың басынан бастап электр самокаттарды қауіпсіз пайдалану бойынша акциялар өткізді. Электр самокаттарды жалға беретін компаниялармен электр самокаттарды пайдалану және жүргізу ережелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар аталған заңбұзушылықтар анықталған жағдайда саптық бөлімшелердің қызметкерлері белгіленген тәртіппен әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдап жатыр", - делінген ІІМ Tengrinews.kz редакциясына берген жауапта.
Ведомствода Мемлекет басшысы 2023 жылғы 29 маусымда "жол қозғалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойғанын еске салды (2023 жылғы 30 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді).
"Жол қозғалысы туралы" заңға бұрын болмаған "Электр самокат" ұғымы - сағатына жиырма бес километрден аспайтын ең жоғары конструктивтік жылдамдығы бар, электр қозғалтқышын пайдалану арқылы бір адамның қозғалуына арналған, екі немесе үш дөңгелегі бар, жеке ұтқырлық көлік құралы енгізілген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә