Аптасына 3 рет немесе одан да аз дәрет сындыру іш қату мәселесінің барын көрсетеді. Бұдан нәжіс құрғайды, қаттыланып, түйіршікке айналады, салдарынан дәретханаға барған кезде қиналуыңыз мүмкін. Диетолог Ванессса Ирен іш қатуды емдеудің тиісті әдісін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ешқандай химиялық қоспа және дәрісіз-ақ дәрет сындыруға болады. Небәрі 30 минут ішінде әсер ететін әдісті бөліскім келеді", - деді ол.
Ол үшін балдыркөк (сельдерей), асжапырақ (шпинат) және аздап су қажет. Барлық өнімді блендерге салып, араластырып, ұсақтау керек. Нәтижесі шырын емес, ботқа секілді болуы керек, әйтпесе өнімнен барлық талшықты алып тастадыңыз деген сөз.
Диетологтың айтуынша, балдыркөк пен асжапырақ ас қорытуға көмектесіп, ішек қозғалысын тездететін ерімейтін талшыққа бай.
Айта кетейік, бұған дейін баланың іші неге қатады және оның қалай алдын алуға болатыны хабарланған болатын.
Баланың іші неге қатады?
Маманның айтуынша, баланың іш қатуының бірнеше себебі бар. Олардың ең негізгілері қозғалыс, судың тапшылығы мен дұрыс тамақтанбау.
Біріншіден, керекті мөлшерде су ішпеу. Ал балалар судың орнына көп ішетін тәтті сусындар ағзаға керек нәр бере алмайды.
Екіншіден, бұл қозғалыстың аз болуы. Адам аз қозғалса, өттің жиырылуы тоқтайды, бұлшықеттердің қозғалысы төмендейді. Салдарынан зат алмасу жұмысы нашарлауы мүмкін, ақыр соңы өттің қозғалысы дұрыс болмай, өт іркілісі пайда болады деп қосты маман.
Үшіншіден, бұл ең көп кездесетін себеп - тамақтану. Дәлірек айтқанда, ас мәзірде талшықтың мүлде болмауы. Талшық көкөніс пен жеміс-жидектің құрамында бар. Адам ағзасына піспеген, шикі қызанақ, қияр және жасыл шөп сияқты көкөністер керек.
Төртіншіден, тереңірек себептің бірі - бұл қалқанша безі дұрыс жұмыс істемесе, гипотиреоз кезінде көп балалар іш қатумен қиналады. Қалқанша безі зат алмасудың үдеткіш күші, яғни ол әрбір тордағы зат алмасудың жақсы жұмыс істеуіне, бұлшықеттің қозғалысына әсер етеді.
Бесіншіден, психогендік жағдай. Бала қандай да бір күйзеліске ұшыраса, соңы іш қату мәселесіне алып келеді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Жоңғарлар шапқыншылықтарын нелiктен ерте көктемде жасаған?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!