- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 30 минутта көмектеседі:...
30 минутта көмектеседі: диетолог іш қатудан тез құтылудың әдісін ұсынды
Қазіргі таңда үнемі іші қатып, қиналып жүретін адамдар бар. Заманауи адамның аз мөлшерде су ішу, аз қозғалу, құрамында талшық жоқ тағам жеу секілді өмір салты созылмалы іш қату ауруының өршуіне жағдай жасайды. Диетолог Ванесса Айрин 30 минутта әсер ететін іш қатудан тез құтылудың тиімді әдісін ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter-ге сілтеме жасап.
Іш қатудан қиналатын адамдарда гипертония, коронарлық артерия ауруы, инфаркт, инсульт және өтпелі ишемиялық шабуыл қаупі айтарлықтай артады. Сондықтан ас қорыту жұмысының кез келген бұзылысы өлімге әкеп соқтыруы мүмкін.
Ванесса Айрин дәретханаға аптасына бір рет қана бару дұрыс емес және денсаулыққа өте қауіпті екенін айтты. Дені сау адам дәретханаға күніне 3 реттен аптасына 3 ретке дейін шығуы керек.
Диетолог ас қорытуды жақсартуға көмектесетін сусын ұсынды. Асжапырақ (шпинат) пен балдыркөкті (сельдерей) блендерге салып, аздап су қосу керек, қатты ұсақтаудың қажеті жоқ. Сарапшы мұндай сусын тез әсер етеді деп санайды.
Ғылыми зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, мұндай смузи-сусын шынымен де көмектеседі. Зерттеулер су мен талшыққа бай көкөністер ас қорытуды реттеу арқылы тағамның ішек арқылы қозғалысын тездететінін көрсеткен. Балдыркөк құрамында шамамен 95 пайыз, ал асжапырақта 93 пайыз су бар. Сондықтан мұндай сусын іш қатудан зардап шегетіндер үшін өте пайдалы.
Өміріңізге тұрақты негізде пайдалы әдеттер қосқан дұрыс. Іш қатудың алдын алу үшін көкөніс, бұршақтар және дәнді дақылдарды көбірек жеп, өміріңізге жаттығу қосып, көбірек таза су ішуді ұмытпаңыз.
Айта кетейік, бұған дейін баланың іші неге қататынын және оның қалай алдын алуға болатыны туралы педиатр кеңес берген еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Антифризді қанша уақытта ауыстырып отыру керек?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә