- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "30 миллион теңге"....
"30 миллион теңге". Абай облысында балалар орталығының басшысы жауапқа тартылды
Абай облысында балалар орталығының басшысы жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыс прокуратурасына сілтеме жасап.
Абай облысы Бородулиха ауданының прокуратурасы ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, Бала орталығында тәрбиеленіп жатқан жеткіншектердің құқықтарының қорғалуына талдау жүргізді.
Қамқоршының тарапынан (Бала орталығы) алимент төлемдерін өндіру бойынша шараларды қабылдамау деректері анықталды.
Нәтижесінде 30 миллион теңгеге төленбеген алименттің 14 дерегі анықталып, оның 5 дерегі бойынша прокуратураның бастамасымен ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша соталды тергеу басталды.
Бүгінгі күні 2 борышкер сотталды.
Бұл жұмыс оң нәтиже беріп келеді. Қазіргі кезде 1 миллион теңгеден аса алименттік берешек өтелді.
Қадағалау актісі негізінде Бала орталығының басшылығы жауапкершілікке тартылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек