Бүгін елімізде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болып, кей жерлерде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады. Жел күшейіп, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Дегенмен республиканың батысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейіп, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Ақтөбе облысында желдің жылдамдығы 16 метр секундқа жетеді. Күндіз Жамбыл, Қызылорда облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с жетіп, дауыл тұрады, бұршақ жаууы ықтимал. Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында қатты ыстық болады. Алматы облысында, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болуы мүмкін. Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде өрт шығуы мүмкін. Дереккөз:baq.kz