30 қазан күні Қазақстанның барлық аумағында теледидар мен радио жұмыс істемейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстанда жоспарлы профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін сәрсенбі күні телеарналар мен радиостанциялар хабар таратуды уақытша тоқтатады. Бұл туралы "Қазтелерадио" ұлттық операторы хабарлады.
"2024 жылғы 30 қазанда сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін спутниктік, цифрлық және аналогтық жерүсті желілерінің техникалық құралдары бойынша қызметтерді жабумен жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Жұмыс барысында уақытша тоқтатылады. Қазақстан бойынша теле және радиоарналарды ретрансляциялау мүмкіндігін береміз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!" - делінген хабарламада.
"Қазтелерадио" телерадио хабарларын таратуды үздіксіз және сапалы қамтамасыз ету мақсатында спутниктік, цифрлық және аналогтық жерүсті желілерінің техникалық құралдары бойынша қызметтерді тоқтата отырып, тоқсан сайын жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз