Қазгидромет 30 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.
"Қазақстан территориясының басым бөлігі әлі де тұрақтанатын антициклонның әсерінде болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек батыс аймақтарда фронтал бөліктердің өтуімен байланысты жауын-шашын, жаңбыр, қар жауады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, тұман күтіледі", - деп жазылған хабарламада.
Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Алакөл көлінің аумақтарында жел секундына 15-20 метр күшейеді. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.
Атырау облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр күшейеді, тұман, көктайғақ болады. Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр күшейеді, тұман күтіледі. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел секундына 18 метр күшейеді.