- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "30 жылда босаңсып...
"30 жылда босаңсып кеттік". Атырау облысының әкімі тұрғындарға мәлімдеме жасады
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов жергілікті журналистер мен қоғамдық белсенділердің сұрақтарына төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабта өткен брифинг барысында жауап берді , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Шыны керек, 1994 жылғы су тасқынынан кейін біз босаңсып, соңғы 30 жылда өзендердегі су азайып бара жатқанына үйреніп қалдық. Түп тереңдету жұмыстары ұзақ уақыт бойы жүргізілмеген, бөгеттер нығайтылмаған, кейбір жерлерде олар мүлдем алынып тасталған, су қорғау аймағында біз ауылшаруашылық қажеттіліктері үшін жер телімдерін бердік, арналар тазартылмады. Бұл жұмыстардың барлығын өңірге тасқын су келгенге дейін атқаруымыз керек", - деді Серік Шәпкенов.
Атырау облысы әкімінің айтуынша, ТЖ режимі су тасқынына тиімді дайындықты ұйымдастыру - техника, жабдықтар тарту, ғылыми зерттеулер жүргізу және өңірдегі өзен жағалауларын нығайту мақсатында жарияланды.
"Егер облыс тұрғындарының өміріне нақты қауіп төнсе, біз бұл туралы алдын ала хабарлаймыз. Бүгіннен бастап жиілікті түрде осылай брифинг өткізіп отырамыз. Сөйлеушілер, яғни, түрлі жауапты орган басшылары, оның ішінде облыстық ТЖД өкілдері – барлығы үшін арнайы кесте құрылады. Олар шұғыл қабылданған шешімдер мен басқа да маңызды мәліметтермен бөлісіп отыратын боалды", - деді Серік Жамбылұлы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы