Дос табу және онымен дос болу әркез оңай емес. Бірақ достар өмірдің көптеген аспектілерін жақсы етеді. Мысалы, олар бақыт деңгейін арттырады: егер сіз жиі араласатын және сізге жағымды адам бақытты болса, бұл сезім сізге де беріледі. Бірақ өкінішке қарай кей адамдарда жас ұлғая келе достар азая береді. 30 жастан кейін қалай дос табуға болады?
Әдетте, достық байланысты жоғалту 25 жастан кейін басталады. Проблемалары мен қызығушылықтары бірдей мектептегі және жоғарғы оқу орнындағы достарыңыз жұмыс бабымен немесе отбасылық жағдаймен әр жаққа кете бастайды. Оған қоса, адам есейген сайын оның қызығушылықтары мен қажеттіліктері қиындай түседі. Бұл уақытта адам өзін шынымен де түсінетін және дамуына ықпал ететін адаммен дос болғысы келеді.
30 жастан кейін қалай достар табуға болады?
1. Ескі байланыстарды қалыпқа келтіріңіз. Бұрынғы достарыңыздың арасынан кіммен қайта аралсқыңыз келеді? Оның нөмірін тауып, өзіңіз бірінші болып жазыңыз. Нағыз достық сенімділікті қажет етеді. Әдетте, жаңа адамдарға қарағанда бұрынғы танысыңызбен сенімділік жылдам пайда болады.
2. Жаңа хобби табыңыз. Суретке түсіруді үйрететін курсқа немесе биге жазылыңыз. Жаңа хобби табудың артықшылықтары көп. Жаңа нәрсе үйрену ми жұмысына пайдалы, бұл арқылы қартаюдың алдын аласыз. Сондай-ақ ол жақта жаңа адамдармен танысасыз. Олардың ішінен сізге жақсы дос болатын адам табуыңыз әбден мүмкін.
3. Үйден жиі шығыңыз. Адамдар арасында жүруге тырысыңыз. Мысалы, алдымен көршілеріңізбен араласып бастауға болады. Әрине, кез келген адаммен бірден достасуға тырысудың қажеті жоқ. Бірақ күнде кездесіп жүргендіктен, онымен (мысалы, көршімен немесе балабақшадағы ата-анамен) амандасып, жағдай сұрасқан артық етпейді.
4. Дос бірден табылмайтынына дайын болыңыз. Балалар 10 минутта өзіне дос таба алады, бірақ ересектер де бәрі басқаша. Өзіңізге дос табуға көп уақыт керек болуы мүмкін екеніне дайын болыңыз.
5. Достық кез келген қарым-қатынастағы секілді күш пен уақытты қажет етеді. Досыңыздан қамқорлық пен қолдау алу үшін өзіңіз де сезімдеріңізбен бөлісіп, шыдамдылық танытып, оған көңіл бөле білуіңіз керек. Қаншалықты көп сөйлесеңіз, соншалықты тыңдау қажет болады. Сізге қанша ресурс құртса, сіз де оған сонша жұмсауыңыз керек. Сондықтан егер сіз бұған дайын болмасаңыз, оны шын мойындау керек.
Оқи отырыңыз: Досыңыздың токсик екенін білдіретін 5 белгі