30 жастағы павлодарлық арзан жиһаз сатамын деп жұртты алдаған

Павлодар қаласының тұрғыны жиһаздарды сату бойынша жалған бизнес ұйымдастырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

30 жастағы қыз сайтқа тұрмыстық заттардың арзандатылған бағамен сатылатыны туралы хабарландырулар орналастырған. Қызығушылық танытқан азаматтарға ол мобильді банкинг арқылы 5-тен 30 мың теңгеге дейінгі мөлшердегі шағын алдын ала төлем жасауды ұсынған. Қазіргі таңда полицияға 10-ға жуық алданған азамат жүгінген, күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Полиция қызметкерлері азаматтардан туыстары, достары, көршілері мен әріптестері арасында ескерту материалдарын таратуға белсенді қатысуды сұрайды.

"Сақ болыңыздар, қырағылық танытыңыздар, жеке және банктік мәліметтеріңізді, SMS-хабарламалардың мазмұнын ешкімге бермеңіз, күмәнді сатушылардан тауарлар мен қызметтерді сатып алмаңыз, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде екі факторлы аутентификацияны қолданыңыз. Есіңізде болсын, сіздің жеке жинақтарыңыз бен жеке деректеріңіздің қауіпсіздігі сіздің қолыңызда", - деп атап өтті полиция.
#qriim_mvdrk

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз