• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

30 градустық аязда жалаңаштанған астаналық қазақстандықтарды таңғалдырды

30 градустық аязда жалаңаштанған астаналық қазақстандықтарды таңғалдырды
Фото: Видео кадры

Желіде аязға қарамастан сумен емдейтін шаралар жасаған астаналықтың видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео әлеуметтік желіде пайда болды. 

"-30 градус аязға қарамастан жалаңаштанған ер адам үстіне 5 литрлік бөтелкеден су құйып жатыр. Оны бұл әрекетке не итермелейді - ағзаны қатайтуға деген ұмтылыс, экстремалды ұмтылыс немесе жай ғана адамдардың назарын аударғысы келе ме? Оның денсаулығы және мұндай мінез-құлықтың ықтимал салдары туралы сұрақтар ашық күйінде қалып отыр", - дейді видео авторы.

Желі қолданушылары ер адамның шоқындыру рәсіміне қатысуға суға түсетін жерге бара алмағандықтан, осылай өтеп жатқан болуы мүмкін деп топшылады. Сондай-ақ қолданушылардың көп бөлігі ер адамның бұл әрекетін батылдығы мен денсаулығына қарайтыны үшін мақтады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә
Logotype Massaget