- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 30 адам сусыннан...
30 адам сусыннан уланып өлген: Қазақстанда қауіпті сидр сатылымда болмаған
Ресейде 30 адам сидрден уланып өлген еді. Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, бұл сидр Қазақстанға әкелінбеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, "АНДИ" ЖШС (Ресей Федерациясы) өндірген "Мистер Сидр" алкоголі аз өнімі Қазақстан аумағына әкелінбеген, есепке алу-бақылау мөрі берілмеген", - делінген хабарламада.
БАҚ мәліметінше, сусынның құрамында адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін метанол мен этил бутират қоспасы көп болған, өнімдер заңсыз айналымда болған.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне алкоголь өнімдерін импорттаушылар мен өткізушілерді өнім берушілерден өнімнің қауіпсіздігін растайтын сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды талап ету қажеттігі туралы хабардар ету тапсырылды.
Еске салайық, бұған дейін Ресейде 18 адам сидрден уланып өлгенін хабарлаған едік. Кейінгі ақпарат бойынша, көз жұмғандар саны 30-ға жеткен, ал 4 адамның жағдайы ауыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек