- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “30-40 минуттай жатқан“....
“30-40 минуттай жатқан“. Рудныйда көшелердің біріндегі қазылған шұңқырдан бала өлі табылды
Рудныйда 2017 жылы туған бала құбыр жүргізіп жатқан орға басылып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қайғылы оқиға дүйсенбі, 26 тамызда 50 лет Октября көшесінде болған. Құтқарушылар мәйітті үйінді астынан алып шықты. Ол кезде нысанда жұмысшылар болмаған. Куәгерлердің айтуынша, бала 30-40 минуттай жер астында жатқан.
"Осы факті бойынша полиция қызметкерлері сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы ережелерді немесе нормативтік талаптарды бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, оның қорытындысы бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, ол бойынша тиісті процессуальдық шешім қабылданады", - деп хабарлады Қостанай облысының полиция департаменті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Тергеу барысы департамент басшылығының ерекше бақылауында, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеуге байланысты өзге де мәліметтер жарияланбайды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан