- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 30-31 желтоқсан аралығында...
30-31 желтоқсан аралығында Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін
Алматы қаласының ТЖД және "Қазселденқорғау" мамандары 2023 жылғы 30-31 желтоқсан аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында қатты қардың түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мамандар қарлы беткейлерге шықпауды, тіпті тауға шықпауды сұрады. "Эдельвейс" көшкін жинауында Аюсай бөгетінен 500 метр жоғары блок-бекеттер қойылған.
Сонымен қатар, Алматы қаласы ТЖД автокөлік иелеріне: автокөліктерді ағаштардың астында қалдырмауды ескертті.
"Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, азаматтарды таулы жерлерге бармауды, 112 қызметінің СМС-хабарламаларын, БАҚ-тағы ақпаратты: теледидарды, радионы назардан тыс қалдырмауды сұраймыз!", - делінген хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина