Таразда табылған "маугли" отбасына қатысты тың дерек шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Бұл ақпарат jambylinfo.kz парақшасында пайда болды.
Қараусыз қалған ер адамдар анасымен бірге тұрған. Қазір бірі 44 жаста. Ағайындының екіншісі 15 жаста мұндай адамшошырлық жағдайға душар болған.
Ағайынды жігіттер қоршаған ортадан жырақ өмір сүріп, тіпті өз үйінің ішіне дәрет сындырып жүре беретін хәлге жеткен. Жуынуды, шаш тарауды, айнаға қарауды мүлде ұмытқан.
"Алғаш келгенде адамшошырлық халдегі үйді көрдік. Қолдан келгенше қаражат жинап, ас ауқатын әперіп, үйін жиыстырдық. Ағайындылардың шашы өсіп кеткен, иісі жиіркенішті. Жуындырып, адам қалпына келтірдік. Анасы аяғы ауырып, төсек тартып жатып қалғаннан соң, екі ұлы қараусыз қалған. Бұл отбасыға қайырымды жандар көмектеседі деген үміттеміз" - деді Еріктілер тобының басшысы Виктория Колченко.
Еріктілер сөзден қалған Сашаны айналып-толғанып еркелете қалса, езу тартып жымияды. Ваняны да "Жарайсың" деп арқасынан қаққанымыз сол, алдымызда құрақ ұшып жүгіріп жүр.
"Мына диванда анам таңға дейін отыратын. Жатуға мұршасы келмейтін. Аяғы қатты ауырғандықтан, мазасы кетіп, аласұратын. Қазір ауруханада жатыр. Неше жыл бойы тамақты мен дайындап жүрдім. Негізі табылғанын талғажау етіп жүрміз. Інім Саша сөйлей алмайды, өзі әзер жүр. Мен қалада бір интернатта 9 сынып оқығанмын. Інім 15 жасқа дейін мектепті үздік оқып, озық оқушылардың қатарынан көрінді. Зеректігі сондай үш тілді меңгеріп алған еді. Сурет салудың шебері болатын. Иконалардың суретін айнытпай салып жүрген соң, бір күні анам оны шіркеуге алып барды. Содан бері не болғаны түсініксіз, әйтеуір адам танымастай өзгерді. Ақылынан алжасқаны сонша адамдардан қорқады, бұғып отырады да қояды. Сөйлемей де қалды. Қазір 42 жаста", - дейді 44 жасар Ваня.
Еске салайық, бұған дейін Таразда "маугли" отбасы табылғаны хабарланған еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз