3 шілдеде Алматыдағы бірнеше автобус бағыты уақытша өзгереді

3 шілдеде Алматыдағы бірнеше автобус бағыты уақытша өзгереді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы қалалық мобилділік басқармасына сілтеме жасап. 

Әл-Фараби даңғылының Рысқұлбеков көшесінен Дулати даңғылына дейінгі бөлігінде жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 3 шілде күні келесі маршруттардың қозғалыс схемаларына уақытша өзгерістер енгізіледі

  • №38A маршрут - оңтүстік бағытта (айналма жолмен) - Мұстафин көшесі - Саин көшесі (айналма жолмен) - одан әрі схема бойынша, кері бағытта - өзгеріссіз;
  • №119 маршрут - солтүстік бағытта - Асқаров көшесі - Садықов көшесі - Саин көшесі - одан әрі схема бойынша, кері бағытта - өзгеріссіз.

Сондай ақ, Әйгерім-2 ықшамауданында жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 3 шілдеден бастап жұмыстар аяқталғанға дейін №102 маршрут сызбасына да уақытша өзгерістер енгізіледі:

  • солтүстік бағытта - Шұғыла көшесі - Әлмерек абыз көшесі - Қожаханов көшесі - Бенберин көшесі - одан әрі схема бойынша;
  • оңтүстік бағытта - Бенберин көшесі - Қожаханов көшесі - Әлмерек абыз көшесі - Шұғыла көшесі - одан әрі схема бойынша.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!