• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

3 патенттің, 4 өнертабыстың авторы: Қайрат Нұртастың қайын атасы туралы не белгілі?

3 патенттің, 4 өнертабыстың авторы: Қайрат Нұртастың қайын атасы туралы не белгілі?
Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Актриса, тележүргізуші Жұлдыз Әбдікәрімова әкесі Садратин Әбдікерімұлы туралы жантебірентерлік жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол Instagram-дағы парақшасында әкесін туған күнімен құттықтап, оның фотоларын бөлісіп, оның өмірі мен қызметі туралы мәлімет берді.

"Адам өміріндегі ең алғашқы ұстазы, жағымды кейіпкері, супергеройы әкесі десем қате ме?

Бала күнімнен мен үшін әлемдегі ең әділ, шыншыл, қатал, дана адам ол - ӘКЕМ! Осындай образ қалыптастыра алған адамның шын мықтылығын осы жасқа келгенде терең ұғынып жүрмін. Себебі барлық әкенің қолынан келе бермейтін еңбек екен.

Білім, ғылым жолында көздің майын таусып, инемен құдық қазып, білгенін шәкірттеріне үйрету үшін өмірін арнап келеді. Ешқандай билікке де, мансапқа да қызықпай, өз жолынан таймай, адамдық миссиясын орындауды мақсат еткен. Әйтпесе ұсыныстар болмады дейсіз бе?

Бүгін мен үшін Тау Тұлғамның туған күні. Есейіп кетсем де аяқ тартамын, еркелеймін, арқа сүйеймін, қорған көремін. Мен әкеммен мақтанамын. Үмітін ақтауға тырысамын. Жүз жасаңыз", - деп жазды ол. 

Садратин Әбдікерімұлы - техника ғылымдарының кандидаты, доцент, халықаралық ақпараттар технологиясы академиясының академигі.

1973-1978 жылдар аралығында Алматыдағы Қазақ ауыл шаруашылық институтының Өндірістік процестерді механикаландыру факультетінде инженер-механик мамандығы бойынша білім алған.

1979-1984 жылдары Т.Шевченко атындағы Нүкіс мемлекеттік университетінде оқытушы болды.

Әр жылдары жоғары оқу орындарында доцент, профессорлық қызметте болды.

2014 жылдан бері Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың Халықаралық ақпараттар технологиясы академиясының академигі. 

Ол 160-тан астам ғылыми еңбектің, оқу-әдістемелік жұмыстың авторы және оның 10 оқу құралы жарық көрген. 3 патенттің, 4 авторлық өнертабыстың да авторы.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лес
Logotype Massaget