- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 3 өңірде өзендер...
3 өңірде өзендер арнасынан тасиды - "Қазгидромет"
"Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы Алина Ысмағұлова 3 өңірде өзендер арнасынан таситынын, мұнда су тасқыны қаупі сақталатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдымен ол бүгінгі ауа райы болжамына тоқталды.
"Алдағы тәулікте еліміздің басым бөлігі антициклонның ықпалында болады. Ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек күндіз солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыстағы таулы ауданда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады, ал шығыс, оңтүстік-шығыста жаңбыр болып, найзағай ойнайды. Республика бойынша жел күшейеді. Оңтүстік, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады. Таңертең және түнде солтүстік-батыс, шығыс және орталықта тұман түседі", - деді Алина Ысмағұлова ОКҚ-де өткен брифингте.
Оның айутынша, өткен тәулікте ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 гидрологиялық ескерту жарияланған.
"Бұл Абай мен Шығыс Қазақстан облыстарына қатысты. 19-20 сәуір аралығында қардың тез еруіне байланысты 19-22 сәуірде таулы аудандарда сел жүріп, өзендердегі судың деңгейі көтеріліп, ондағы су шекті мөлшерден асады.
Сондай-ақ Ақмола облысы Қорғалжын ауылы Нұра өзенінде судың деңгейі көтеліріп жатыр. 4 сағатта онда судың деңгейі 6 см-ге артқан. Қазіргі таңда өзендегі судың деңгейі шекті мөлшірден 5 см-ге асты.
Сондай-ақ Қорғалжың ауылындағы көлік жүретін көпірді су басқан... Ақмола облысында (өзендерде) судың деңгейі көтеріледі деген болжам бар", - деді баспасөз хатшысы.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Есен