3 облыстағы 6 жол учаскесін су басты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазавтожолға" сілтеме жасап.
"5 сәуірдегі сағат 09:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыстағы (Атырау, СҚО, Қостанай өңірі) 6 жол учаскесінде су тасқыны болды. Су шайған аумақтың жалпы ұзындығы – 3 280 метр", - деп жазылған ұлттық компания таратқан хабарламада.
6 өңірдегі (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 8 автожолда (ұзындығы 398 шақырым) қозғалысқа шектеу қойылды.
Бүгінде республикалық маңызы бар жолдарда су тасқынын болдырмау үшін 285 техника мен 312 маман жұмыс істеп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!