"3 мың доллар беремін". Күйеуіне тоқал іздеген әже енді өзімен шетелге бірге шығатын жігіт іздеді

Күйеуіне тоқал іздеген әже енді Дубайға бірге баратын ер адам іздейтінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл видео TikTok-парақшалардың бірінде пайда болды. Ол 1 күнде 897 мың қаралым, 13 мың лайк, 7 мыңнан аса пікір жинаған. Әже демалуға қандай ер адам керегін де айтты. 

"Демалуға бірге баратын азамат іздеп отырмын. Дубайға ұшайын деп наурызда 2 адамға төлеп қойғанмын. Жасы 35-40 шамасында. Отбасы болмауы керек. Ажырасқан болса бола береді. Бойы ұзын, арық жігіттер керек емес, бойы аласа, арық жігіттер тағы керек емес. Бойы 170-175 сантимерт, бет десе беті бар, авторитет десе авторитеті бар жігіт керек. Тур агенттіктер тауып беретін жігіттер қазақша сөйлемейді. Ал маған 12 күндік демалысымда қазақша сөйлейтін ер-азамат керек. Демалыста менімен жүргені тегін, ал енді келісімшарт бойынша барып-келуіне 3000 мың доллар. Барардан 1-2 күн бұрын 1500 доллар беріледі, қалғанын келгеннен кейін алады. Сондай адамдар болса, кездесуге болады",- дейді ол. 

Әженің айтуынша, демалыс 15-27 тамыз аралығында жоспарланған.

@kutumovaai

♬ оригинальный звук - Кутумова Аятхан

Желі қолданушылары сапарға бірге баратын ер адам іздеген әжеге түрлі пікір қалдырған. Бірі қуана келіссе, енді бірі ұят екенін басып айтқан. 

"Жас болсам да осы кісі үшін ұялып тұрмын", "Ұяттан жұрдай болды ғой", "Мына әйел не айтып тұрғанын біле ме өзі?", "Мәссаған, мына кісі расымен айтып тұр ма, ұят-ай...", "Осыған жарымес еркектер барады. Ұят қайда?", "Апа, Райммен сөйлесіп көрмедіңіз бе?", "5 мың доллар берсеңіз барамын", "Әкемді жіберейін деп жатсам, 30-35 жас дегеніңіз қалай кетті" - деп жазды олар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!