3-минуттағы гол бәрін шешті: Чемпиондар лигасының финалына кім шықты?

3-минуттағы гол бәрін шешті: Чемпиондар лигасының финалына кім шықты?
Фото: ©x.com/PSG

Франциялық "Пари Сен-Жермен" Чемпиондар лигасының жартылай финалында германиялық "Баварияны" жеңді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

6 мамырға қараған түні Мюнхендегі (Германия) "Альянц Арена" стадионында алаң иелері "Бавария" мен франциялық "Пари Сен-Жермен" арасында Чемпиондар лигасының жартылай финал матчі өтті.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

FC Bayern (@fcbayern) жарияланымы

Еске салайық, алғашқы жартылай финал кездесу 5:4 есебімен ПСЖ-ның пайдасына аяқталған болатын.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Paris Saint-Germain (@psg) жарияланымы

"Бавария" құрамы

Нойер, Станишич, Юпамекано, Та, Лаймер, Киммих, Павлович, Олисе, Мусиала, Диас, Кейн.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

FC Bayern (@fcbayern) жарияланымы

ПСЖ құрамы

Сафонов, Маркиньос, Пачо, Мендеш, Невеш, Витинья, Заир-Эмери, Руис, Дуэ, Дембеле, Кварацхелия.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Paris Saint-Germain (@psg) жарияланымы

Бірінші тайм

Алғашқы гол көп күттірген жоқ. 3-минутта грузиялық вингер Хвича Кварацхелия өз қапталымен пас алып, қарсыластың айып алаңына қарай ұмтылды. Кейін ортаға франциялық шабуылшы Усман Дембелеге пас шығарды, ол шабуылды нәтижелі аяқтады.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Paris Saint-Germain (@psg) жарияланымы

5 минуттан кейін алғашқы "сары қағаз" көрсетілді. ПСЖ-ның португалиялық қорғаушысы Нуну Мендеш франциялық вингер Майкл Олисеге қарсы ереже бұзып, ескерту алды.

27-минутқа қарай "Бавария" қақпаға соққы бағыттап көрді. Майкл Олисе Нуну Мендешті алдап өтіп, алыс "тоғыздықты" көздегенімен, доп биік ұшып, торға түспеді.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

FC Bayern (@fcbayern) жарияланымы

31-минутта алғашқы даулы сәт болды. Франциялық клубтың португалиялық жартылай қорғаушысы Витинья "Баварияның" шабуылынан кейін допты сыртқа шығармақ болды, бірақ қақпа маңында доп командаласы Жоау Невештің қолына тиді. Пенальти белгіленген жоқ.

Бұдан кейін германиялық вингер Джамал Мусиала бірнеше рет шабуылдағанымен, олардан нәтиже шықпады.

Бірінші тайм 0:1 есебімен аяқталды.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Paris Saint-Germain (@psg) жарияланымы

Екінші тайм

Екінші кезеңнің басы қос команда үшін де сәтсіз басталды. 65-минутта ПСЖ-да бұрыштама орындау мүмкіндігі туды, алайда айып алаңына асырылған доптан айырылып қалып, қарсы шабуылға жол беріп алды. Дегенмен ресейлік Матвей Сафоновтың қақпасына бағытталған пас та "Баварияға" сәттілік әкелмеді.

69-минутта колумбиялық вингер Луис Диас қақпаны дәл көздегенімен, Матвей Сафонов соққыны қайтара білді. Бір минуттан соң Майкл Олисе де гол соғуға тырысты, бірақ Сафонов тағы да қырағылық танытып, допты қағып алды.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

FC Bayern (@fcbayern) жарияланымы

71-минутта германиялық клуб ойыншыларының пастағы қателігінен кейін Хвича Кварацхелия қарсылас қорғанысын бұзып өтіп, франциялық вингер Дезере Дуэге пас берді. Оның қақпаға бағыттаған соққысын германиялық қақпашы Мануэль Нойер қайтарып алды.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Paris Saint-Germain (@psg) жарияланымы

Екінші таймның негізгі уақыты голсыз өтті. Қосымша 5 минут қосылды.

Луис Диас өз қапталындағы бос кеңістікті пайдаланып, қақпаға қарай ұмтылды, бірақ шабуылды Сафонов тоқтатты. Ол допты ұстап алып, бірден қарсыластың алаңына бағыттады.

Ақыры "Бавария" есеп ашудың жолын тапты. Канадалық қорғаушы Альфонсо Дэвис ағылшын шабуылшысы Харри Кейнге өткір пас шығарды, ол қарсылас қақпасын дәл көздеп, есепті теңестірді.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Harry Kane (@harrykane) жарияланымы

Нәтижесінде матч 1:1 есебімен тең аяқталды, алайда алғашқы жартылай финал ойынның нәтижесін ескергенде, жалпы есеп 5:6 болып, франциялық клубтың пайдасына шешілді.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Paris Saint-Germain (@psg) жарияланымы

Осылайша, ПСЖ Чемпиондар лигасының финалына жолдама алды, онда олар лондондық "Арсеналға" қарсы ойнайды. Матч 30 мамырда Будапештегі (Венгрия) "Пушкаш Аренада" өтеді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget