- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "3 миллион доллар"....
"3 миллион доллар". Дәулет Мұқаев депутаттық орын туралы айтты
Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев өзінің қалай депутат болғанын және депутаттық орынның бұрын қаншаға сатылғаны туралы айтты. Бұл туралы ол Нартай Аралбайұлына берген сұхбатта әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәулет Мұқаев Мәжіліс депутаты болғанын естігенде сенбегенін жеткізді.
"Ең соңында сайлаудың нәтижесі шықпай жатты, бірақ протоколдарды бәрін алып есептеген кезде басым протоколдың барлығында көп жерде, көп учаскеде жеңіске саны жағынан жеттік. Оның барлығын мен санап отырдым. Одан кейін ресми нәтиже шықпай жатып, Алматыда бір түсірілім болды мен ұшып кеттім. Алматыға қонған кезде маған хабарласты. "Осылай сіз өттіңіз" деген секілді. "Мен шын ба, теледидардан көрсетті ме" деп сұрадым. Себебі менде соңына дейін бір сенімсіздік болды. Өйткені бұның бәрі - сайлау, саясат", - дейді Мәжіліс депутаты.
Дәулет Мұқаев тіпті шешім шығып, қағазды қолға алған кезде өзін қамшылағанын айтты.
© видеоскрин
"Қағазды қолға алдым. Істеуге болады екен ғой, менің қолымнан келеді екен ғой дедім. Себебі шыны керек, біраз адамнан естідім. "Депутаттың орны сатылады екен ғой, қанша бердің, қалай" деген секілді сұрақтар қойды. Жоқ десем сенбейтін адамдарда бар. Демек, осы уақытқа дейін сондай болған шығар. Инсайд ақпарат берушілер бір депутаттың орны 3 миллион доллар яғни 1 миллиард 335 миллион 135 мың 900 теңге. Енді мен солай естідім. Соған қарағанда ол солай болып та тұрған шығар. Жәйдан-жәй әңгіме жүрмейді", - дейді Дәулет Мұқаев.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Е. Ерболұлы