Танымал актер Әбілмансұр Серіков "Urpaq" подкастына берген сұхбатында алғашқы некесінен туған ұлының диагнозына өзін кінәлайтынын жасырмады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Актердың екінші ұлы қазір 8 жаста, алайда мектепке әлі де бармаған көрінеді.
"Тұңғышым көзқарасыма қарап бәні түсінеді, тыңдайды. Ал екінші ұлым қатты бұзық, былтыр мектепке берген едік, 3 күннен кейін мектептен шығарып жіберді. Бұзық, тістеген, боқтаған, тепкен, төбелес шығарған, бағынбаған. Мектеп директоры "ұлыңыз әлі мектепке дайын емес" деді де, шығарып жіберді. Енді келер жылы тағы да береміз.
Екінші ұлым негізі толық, таза сөйлемейді, өзі өте ерке. Ем қабылдағаннан кейін, қазір аллаға шүкір, жағдайы жақсарды. Оған нақты диагноз қойылған жоқ, бірақ мәселе тілге байланысты. Өзі 8 жаста. Баламның тілінің кеш шығуына түрлі фактор түрткі болуы мүмкін. Бұл ажырасудың салдары болуы мүмкін, ол бірнәрседен шошынып қалуы мүмкін, құлаған болуы мүмкін, өкінішке қарай, мен нақты білмеймін, себебі мен ол кезде оның жанында болған жоқпын. Әйеліммен ажырасқан кезімде ол 2 жаста еді. Оны емдету үшін анасы жүгірді, ал мен тек қаржылай көмектесіп отырдым. Қаскелеңде бір балшы әйелге апардық, Ташкентке екі рет апарып емдетті. Мұндай жағдайдың қалыптасқанына өзімді әке ретінде кінәлі сезінемін. Өзімді оларды тастап кеткен секілді сезім болды, оның бәрі менің ішімде сақталып қала береді", - деді актер.
Тағы да оқи отырыңыздар: Арасан деген не?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз