"Жігіттер" тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов әлеуметтік желідегі оқырмандарына 3 көлік сыйлап, 30 адамның қарызын жауып беремін деп уәде берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші Бағлан Әбдірайымов біраз уақыттан бері кино саласында бет бұрып, 3 фильм түсірген. Өзі продюсер, өзі актёр болған фильмдерінің ішінде соңғыв шыққан "ZERO qaryz" фильмі көрермендердің көңілінен шығып үлгерді.
Жақында Бағлан Әбдірайымов әлеуметтік желідегі парақшасында "ZERO qaryz" фильмін көргендердің арасында 4 көлік ойнатып, 50 көрерменнің қарызын жауып беремін деген еді. Уәдесінде тұрып, өткен айда 1 көлік сыйлап, 20 адамның қарызын жауып берген екен. Енді тамыз айында қалған 3 көлікті сыйлап, 30 адамның қарызын жауып беремін деп отыр әнші.
Байқаудың жеңімпазы атану үшін оның инстаграмдағы кез-келген рилсінің астына "КИНО" сөзін жазу керек, сол кезде сізге әлі ешқандай площадкада жоқ "ZERO qaryz" фильмін жібереді. Фильмді көрген соң, сіздің Бағлан ұсынған көліктерді ұтып алуыңыз мүмкін.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!